Ел тынысы

«Бейбіт күннің батырлары»

Елордада бейбіт заманның батырларына арналған «Бейбіт күннің батырлары» атты іс-шара өтті. Бұл күні еліміздің барлық өңірлік полиция департаменттері қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстанда қызметтік борышын өтеу жолында өмірін қиған құқық қорғау органдарының 800-ден астам қызметкері бар.

Астанада полицейлер әріптестері – Жанайдар Жирентаев пен Әбдіғаппар Ділмановтың рухына тағзым етті. Олардың есімдері Алматы ауданының Полиция басқармасы ғимаратында орнатылған мемориалдық тақтада мәңгілікке жазылған.

Сондай-ақ, елордада осы батырлардың есімімен аталатын көшелер де бар.
Криминалдық полицияның жедел уәкілі Жанайдар Жирентаев 1994 жылы қаза тапқан. Милицияның кіші лейтенанты қарулы қылмыскерлердің оғынан адамдарды қорғап, өзі оққа ұшты. Ол кезде жасы небәрі 33-те болған. Қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Алматы ауданы ІІБ әкімшілік полиция инспекторы Әбдіғаппар Ділманов 2001 жылы мал ұрлығына күдіктілерді ұстау кезінде қаза тапты.

Қазақстанның барлық өңіріндегі полиция қызметкерлері әріптестерінің рухына тағзым етті. Әр облыста бейбіт күннің батырларына арналған ескерткіштер мен ескерткіш тақталар орнатылып, олардың бетінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің есімдері қашалып жазылған. Бұл – Заңға адал қызмет етудің және елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге деген берілгендіктің символы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button