Ел тынысы

Базарларды жаңғырту барысына бақылау күшейтілді

Сауда базарларды жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті жаңғырту жұмыстарының барысын бақылау мақсатында өңірлерге жұмыс сапарларын ұйымдастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінгі таңда Комитет төрағасы мен төраға орынбасарлары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Түркістан облыстарында болды.

Сапар нәтижелері бірқатар өңірде жаңғырту қарқыны артқанын көрсетті. Базар иелері бұл үдерісті бизнесті одан әрі жүргізу мен халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың маңызды алғышарты ретінде қабылдай бастады.

Сонымен қатар, кейбір өңірлерде жұмыстың белгіленген кестеден кешеуілдеуі байқалды. Негізгі себептер ретінде инженерлік желілерге қосылудағы қиындықтар, жобалық-сметалық құжаттаманы келісудің ұзаққа созылуы және жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті қолдаудың болмауын атап өтуге болады.

Жұмыс сапарлары барысында жергілікті әкімдіктердің, Мемлекеттік кірістер органдарының, Төтенше жағдайлар департаменттерінің, сәулет-құрылыс бақылауы және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің, сондай-ақ сауда нысандары иелерінің қатысуымен кеңейтілген кеңестер өткізілуде. Бұл кездесулерде санитариялық талаптарды сақтау, өрт қауіпсіздігі, бақылау-кассалық машиналарды енгізу және сатушылар мен сатып алушылар үшін жайлы жағдай жасау мәселелері негізгі тақырып ретінде қарастырылады.

Кездесулер барысында Комитет өкілдері жаңғырту жұмысын 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін толық аяқтаудың маңыздылығын түсіндіруде. Әкімдіктерге жаңғырту жұмыстарының әр кезеңіне бақылауды күшейту, базар иелерімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және жобаларды дер кезінде аяқтау тапсырылды. Себебі келер жылдың басынан бастап Сауда комитеті бақылау функцияларын атқара бастайды.

Белгіленген мерзімде жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған сауда нысандарының иелеріне қатысты заңнама аясында әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану көзделуде.

Базарларды жаңғырту — бұл ең алдымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Ыңғайлы әрі қауіпсіз орта тек сатып алушылар үшін ғана емес, базардағы кәсіпкерлер үшін де қамтамасыз етілуі тиіс.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button