Мәдениет

«Батыстан Шығысқа дейін» атты музыкалық кеш өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі «Батыстан Шығысқа дейін» атты классикалық музыка кешін өткізді. Көрермен әлемдік музыканың інжу-маржан туындыларын тамашалау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бағдарламада Л. В. Бетховеннің «Кориолан» увертюрасы мен №5 симфониясы, сондай-ақ Д. Шостаковичтің скрипка мен оркестрге арналған №1 концерті орындалды.

Кешке Түркияның танымал музыканты, Карнеги-холл, Музикферайн, Линкольн орталығы және Ла Скала театрында алғаш өнер көрсеткен түрік дирижёрі Хакан Шенсой жетекшілік етті. Солист ретінде халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық жас скрипкашы Диана Мақажан сахнаға шықты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button