Құқық

Баспанаға зәру жандарды алдаған

Елордада полиция қызметкерлері пәтерді жалға беру желеуімен алаяқтық жасаған деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның әрекетінен 20-дан астам адам зардап шеккен.

Анықталғандай, күдікті тұрғын үй іздеуге арналған танымал платформалардың бірінде аккаунт ашып, бірден бірнеше тартымды хабарландыру орналастырған. Жарияланымдарда интернеттен алынған жайлы пәтерлердің фотосуреттерін пайдаланып, жалдау бағасын нарықтағыдан едәуір төмен көрсеткен.

Хабарландыруларға негізінен қолжетімді баспана іздеген жастар, студенттер мен өзге өңірлерден келген азаматтар жауап берген. Хат алмасу барысында ер адам пәтерді «броньдау» үшін алдын ала төлем жасауды сұрап, ұсынылған бағаның «тиімді екенін және ұзақ тұрмайтынын» айтып сендірген. Азаматтар ақша аударғаннан кейін «пәтер иесі» байланысқа шықпай кеткен.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның өзге де осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды интернет-алаяқтық фактілерінің жиілегені жөнінде ескертіп, қырағы болуға шақырады.
Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін жалға берілетін тұрғын үй туралы ақпаратты мұқият тексеріп, ресми шарт жасалмайынша және кілттер алынбайынша алдын ала төлем жасамау қажет. Кез келген күмән туындаған жағдайда полицияға жүгіну ұсынылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button