Қала мен сала

Бас қалада шаңғы-роллер жолында экологиялық акция өтті

Нұра ауданындағы SKI CLUB ASTANA клубы мүшелері елорданың Орталық саябағында орналасқан шаңғы-роллер жолында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Аталған акцияға шаңғы клубының 30-ға жуық спортшысы қатысты.

«Орталық саябақ – Астанадағы ең танымал саябақтың бірі. Осы жерде күніне кемі 1000-ға жуық тұрғын спортпен айналысады.

Сондықтан аумақты кемінде бір мәрте тазалауға тырысамыз. Себебі, бұл жер үнемі қоқысқа толып қалады. Қаланың тазалығы – Қазақстанның келбеті. Тек біз ғана емес, бәріңізді акцияға қатысуға шақырамын», – деді SKI CLUB ASTANA клубының басшысы Александр Пилипенко.

Айта кетейік, SKI CLUB ASTANA клубында 100-ге жуық қатысушы аптасына тұрақты түрде 6 мәрте спортпен айналысады. Олар жаз мезгілінде роллерді қолға алса, қыста шаңғыдағы біліктіліктерін шыңдайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button