Ел тынысы

Бас прокуратура қызметкерлері елордадағы Ботаникалық саябақта ағаш отырғызды

Астанадағы Ботаникалық саябақта Бас прокуратураның қызметкерлері 80 түп ағаш отырғызды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек.

«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз «80 жылдыққа – 80 түп ағаш» экологиялық акциясына бастама бердік.

Бұл акцияға еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратура органдары белсенді түрде қатысты», – деді Бас прокурор Берік Асылов.

Бұл – Отан қорғаушыларына көрсетілген құрмет пен табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау жолындағы үлес.

Әр азамат жасыл желектерге ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді – бұл «Адал азамат» қағидасын ұстанатын азаматтың саналы таңдауы.

Әрбір ағаш – бұл қаланың тынысы, оның өмірі мен болашағы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button