Құқық

Бақылау камералары қанша құқықбұзушылықты әшкереледі?

Елордадағы iKOMEK109 орталығы қала аумағына орнатылған 12 мыңнан астам бейнебақылау камерасына қосылған. Соның арқасында орталық операторлары полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жыл басынан бері 15 709 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Камералардың басым бөлігі жол бөлігін, қиылыстарды, адамдар көп жиналатын орындарды – сауда орталықтарын, мешіттерді, ірі автобус аялдамаларын, вокзалдарды қамтиды.

Қауіпсіздікті тиімді үйлестіру мен орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін iKOMEK109 орталығында Астана Полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс істейді.

Осылайша, құқық қорғау органдарымен бірлесіп операторлар 2025 жылдың басынан бері 15 709 құқықбұзушылықты анықтады, олардың 1 027-сі бойынша хаттама рәсімделді, оның ішінде: • ҚР ӘҚБтК 441-бап (қоғамдық орындардың жекелеген түрлерінде темекі өнімдерін тұтынуға тыйымды бұзу) – 9480; • 434-бап (ұсақ бұзақылық) – 2833; • 440-бап (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) – 236; • 505-бап (көріктендіру ережелерін бұзу) – 298; • 449-бап (қоғамдық орында тиісу) – 44; • 204-бап (белгіленбеген орында сауда жасау) – 18; • 590-бап (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) – 3; • 615-бап (жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзу) – 2777; • 196-бап (тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз саудалау) – 14; • 597-бап (жол қозғалысына қатысушылардың ереже бұзуы, апатты жағдай туғызу) – 2; • 593-бап (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігін немесе қауіпсіздік шлемді пайдалану талаптарын сақтамау) – 2; • 596-бап (жолдың жүру бөлігіне көлік құралын қою, қарсы қозғалыспен өту немесе басып озу ережелерін бұзу) – 2.

Барлық анықталған құқықбұзушылық тіркеліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button