Мәдениет

БАҚ қызметкерлері бап пен бақ сынады

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет БАҚ қызметкерлерінің спартакиадасы ұйымдастырылды. 

«Alpha Gym» спорт кешеніндегі спорттық бәсеке «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өтіп, 100-ге жуық журналистер ләңгі тебу, бес асық, асық ату, волейболдан жүлдені сарапқа салды.

Іс-шараның марапаттау рәсіміне Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов, қалалық Коммуникациялар қызметінің басшысы Абзал Досыман және елордалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Азамат Белгібаев қатысып, спартакиада жүлдегерлерін марапаттады.

Ләңгі тебуде «Хабар» агенттігінен Мақсат Серікжанов 83 ұпаймен бас жүлдені олжалады. Күміс жүлде 79 ұпай жинаған «Qazaq radiosy-нан» Мұқтар Тұртайұлына бұйырса, «Хабар» агенттігінің тағы бір қыз­меткері Мұхаммеджан Теміров (69 ұпай) қола жүлдегер атанды.

Бес асықта «РТРК ҚАЗАҚСТАН» АҚ редакторы Нұрғайша Әбдуахит топ жарса, қалған орындарды Таңшолпан Рыскелдина (Спорттық медициналық орталығы), Айнұр Умралинова (№10 шайбалы хоккей спорт мектебі) иеленді.

Ал асық ату командалық сайыс ретінде өтіп, «РТРК ҚАЗАҚСТАН» АҚ бірінші орынды қанжығасына байлады. «Qazaq radiosy» мен «Хабар» агенттігі де үздіктер қатарынан көрінді.

Волейболда өзге жарыстарда мықтылығымен көзге түсіп жүрген «Хабар» агенттігіне басқа командалар лайықты қарсылық көрсете алмады. Олар финалда «Qazaq radiosy» ұжымын 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде «Egemen Qazaqstan» ұжымы қалалық спорт басқармасынан жасақталған «Тарланнан» басым түсті.

Жеңімпаздар кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button