Ел тынысы

Журналистер арасында жұмысшы мамандықтары туралы материалдарға байқау жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқауға өтінімдер қабылдауды бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу.

Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар мына номинациялар бойынша қатыса алады: • Үздік бейнеролик («Еңбек адамының бейнесі») • Үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету) • Үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні) • Үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат) • Үздік публицистикалық мақала (Еңбек әулетінің жетістігі тарихы). Әрбір номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады.

Өтінім 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін www.mdq.kz сайтында қабылданады

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button