Мәдениет

Балнұрға тарту болған туындылар

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияға қарасты қазақ оркестрінің ұйымдастыруымен белгілі композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балнұр Қыдырбектің 70 жас мерейтойына орай «Балнұрға тарту» атты концерті өтті.

Бұл концертте Балнұр Қыдырбектің өнердегі әріптестері, яғни Қазақстанның белгілі композиторлары кеш иесіне арнаған шығармалары орындалды. Атап айтқанда, күйші, композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Айтқали Жайымов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Төлеген Мұхамеджанов, Ермұрат Үсенов, Серік Еркімбеков, Серікжан Әбдінұров, Әлқуат Қазақбаев, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, күйші композитор, дирижер Нұрлан Бекенов, «Құрмет» орденінің иегерлері Еркін Нұрымбетов, Арман Жайым, сонымен қатар Сланқожа Қарақыстық, Әліби Әбдінұров, Құрмет Сақай, Айсұлу Тани, Дулат Әбілдинов, Сәукеш Әліш сынды көптеген Қазақстан композиторларының шығармалары мен әндері орындалды. Концертте халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрқанат Тапиев және Әйгерім Темірбекова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілда сынды астаналық филармония солис­тері өнер көрсетті.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button