Елорда тынысы
Балалық шақтан бастап қауіпсіздікке қадам

Астана қаласы ТЖД қызметкерлері №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеленушілеріне арналған өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шара барысында балаларға өрт қауіпсіздігі тақырыбында арнайы мультфильмдер көрсетіліп, өрттің алдын алу жолдары мен төтенше жағдай кезінде өзін дұрыс ұстау ережелері түсіндірілді.
Кездесу соңында балалар өз білімдерін көрсетіп, өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде не істеу керектігі жөнінде белсенді жауап беріп, қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгергендерін дәлелдеді.
Мұндай профилактикалық шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.



