Ел тынысыСаясат

Балаларымыз өсіп-өркендейтін берік негіз — мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Конституция жобасын әр азаматтың жеке таңдауы мен қоғам алдындағы ортақ жауапкершілігі тоғысқан тағдырлы құжат ретінде бағалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Мен үшін бұл құжат – балаларымыз өсіп, ертеңін айқындайтын берік негіз», – деп Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Астанада өткен партия активінің кеңейтілген отырысында өз сөзін бастады.

 

«Ұрпақтан ұрпаққа аманат болып келе жатқан құндылықтардың онда нақты қорғалғанын көргенде, жүректе терең жауапкершілік сезімі оянады», – деді халық қалаулысы.

Депутат сөзінде отбасы институтының Конституцияда айқын әрі нық бекітілуіне айрықша тоқталды. «Отбасының ер мен әйелдің одағы ретінде танылуы – елдік мүдденің өзегі. Ұлттың болашағы, ең алдымен, отбасында бойға сіңген тәрбие мен құндылықтарға байланысты», – деп атап өтті ол. Бұл норма қоғамның өмірден туған нақты сұранысын көрсететінін де қоса айтты.

«Қазақстанның шынайы байлығы – ата-бабадан қалған жері, рухани мұрасы және берекелі отбасы. Жаңа Конституция осы қастерлі қазынаны ең жоғары деңгейде қорғауға тиіс», – деп түйіндеді Екатерина Смолякова, ана ретіндегі жүрек сөзі мен халық қалаулысы ретіндегі азаматтық ұстанымын бір арнаға тоғыстыра отырып.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button