Қоғам

Балаларға арналған жаңа жылдық бағдарлама

«Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығында әлеуметтік сүйемелдеудегі балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шараға әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан 80 бала қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бағдарлама барысында Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театрының әртістері жаңа жылдық театрландырылған қойылым қойды.

«Жаңа жылға арналып ұйымдастырылған бүгінгі мерекеде 80 бала қатысты. Негізінен әлеуметтік көмекті қажеттілік ететін отбасыларға арналады. Балаларға жылулық сыйлап. Астана қаласының қуыршақ театры ұйымдастырып жатыр. Мұндай іс — шара жыл сайын ұйымдастырылады» дейді Сарайшық ауданының Отбасылық әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Айнұр Ғазизқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік бағдарлама балалардың мәдени дамуына оң әсер етіп, жаңа жыл мерекесі қарсаңында олардың көңіл-күйін көтеруге септігін тигізеді. Іс-шара соңында балаларды Аяз ата мен Ақшақар қарсы алып, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

фото: Оңалхан Өнерхан

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button