Елорда тынысы

Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық рейд өтті

Астанада балалардың терезеден құлап кетуін болдырмау мақсатында профилактикалық рейд өткізілді. Қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметкерлері МИБ төрағаларымен бірге көпбалалы отбасылардың пәтерлерін аралады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аралау барысында рейдке қатысушылар көпбалалы отбасылардың пәтерлеріндегі терезелерге ашылуды шектейтін құрылғылар орнатып, қауіпсіздік ережелерін еске салды.

«Жыл басынан бері елордада балалардың терезеден құлап кетуінің 40-тан астам жағдайы тіркелді. Өкінішке қарай, әр отбасының арнайы блокаторлар орнатуына мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз осындай рейдтер өткіземіз: тегін блокаторлар орнатып, ата-аналарға балаларға сақ болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіреміз», — деді Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Малик.

Өткізілген рейд барысында қорғаныш құрылғылары Сарыарқа және Байқоңыр аудандарындағы тұрғын үй кешендерінің терезелеріне орнатылды.

«Біздің үйлеріміз көпқабатты, сондықтан балалардың қауіпсіздігі біз үшін өте өзекті. Тұрғын үй басқармасының осындай бастамалары ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлу керектігін еске салады», – деп атап өтті елордалық тұрғын үй кешенінің МИБ төрайымы Жанар Дүйсенова.

Осындай рейдтік іс-шаралар мен аралаулар елорданың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіледі. Әр ай сайын Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің МИБ төрағаларының өтінімдерін қарастырып, олардың аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде тұрғындарға қажетті қолдау көрсетеді.

Аралау барысында көпбалалы отбасыларға сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясының эмблемасы бар мектеп жиынтықтары мен жөргектер сыйға тартылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button