Ел тынысы

Балалардың судағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Астананың Сарыарқа ауданында күн жылынып, жүзу маусымының басталуына және жазғы каникулдың басталуына орай аудандық прокуратура өкілдері мектеп директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі тақырыбы – жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары. Әсіресе, балалардың рұқсат етілмеген су айдындарында шомылуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл жағдайлар жыл сайын қайғылы оқиғаларға алып келуде.

«Құзырлы органдардың мәліметінше, судағы қайғылы жағдайлардың көпшілігі шомылуға арналмаған орындарда болады. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалардың құрбандары – көбіне балалар мен жасөспірімдер. Прокуратураның бастамасымен мектеп директорларымен бірге осындай жағдайлардың алдын алу жолдары талқыланды. Оқу орындарының басшыларына оқушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру бойынша ұсыныстар берілді», – деді Сарыарқа ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Қасымжомарт Бейсенбай.

Кездесу барысында алда өтетін мектеп бітіру кештері кезіндегі қауіпсіздік шаралары да талқыланды.

«Бізге ата-аналармен тиімді жұмыс істеу бойынша нақты ұсыныстар берілді. Қауіпсіздік ережелерін білу және бұл ақпаратты оқушыларымыздың отбасыларына дұрыс жеткізу — өте маңызды. Мұндай кездесулер бізге, мектеп директорларына, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиімдірек болуға көмектеседі», – деп атап өтті №15 мектеп-лицейдің директоры Сафия Қабыкенова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button