Қоғам

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз?

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды.

Жиналыс ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Бұл жиында ресми баяндаманың орнына ашық диалог болды, құрғақ статистика орнына нақты мысалдар келтірілді.

Сонымен қатар ата-аналар мен жасөспірімдерге төніп тұрған нақты қауіптер туралы ашық әңгіме өрбіді.

Жиналыс барысында мамандар төмендегілерді егжей-тегжейлі түсіндірді:

Кәмелетке толмағандарды заңсыз есірткі айналымына тартудың қазіргі әдістері;

Есірткі қолданудың сыртқы және мінез-құлыққа тән белгілері;

Ата-аналарға дер кезінде балаларға көмек көрсетудің маңызы.

Жиналыста ата-аналарды «тест әр үйге» профилактикалық форматы ерекше қызықтырды. Оларға бұл тексеруді өз бетімен, жылдам және қолжетімді түрде жүргізуге болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Бұл құрал профилактиканың негізі — отбасынан басталатынын айқын көрсетті. Негізгі бөлімнен кейін зал бірден тарамады. Ата-аналар белсенді сұрақ қойып, жеке бақылаулары мен қиын жағдайларды талқылады, сонымен қатар профилактикалық жұмысты күшейтуге өз ұсыныстарын айтты.

Тиімді профилактика — қорқыту немесе формалды есеп емес. Бұл — сенім, ақпараттандыру және ортақ жауапкершілік. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті осындай форматтарды әрі қарай да дамытуды жоспарлап отыр. Жиналыстар тек елордада емес, еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button