Қоғам

Балалар үйінің жас таланттары үлкен сахнада өнер көрсетті

Елордада Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға арналып алғаш рет ұйымдастырылған «Жұлдыз болғым келеді» республикалық вокалдық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шығармашылық жоба — жас таланттардың арманы мен дауысына қанат бітірудің жаңа алаңы, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға еліміздің түкпір‑түкірінен 40‑тан аса дарынды жас вокалист қатысты. Әрқайсысы өңірлік іріктеу кезеңінен өтіп, финалда өнер көрсетуге жолдама алды.

«Көптеген қатысушы үшін бұл — үлкен сахнадағы алғашқы қадам, елордаға алғашқы сапар, арманына жету жолындағы маңызды белес. Біз жас таланттардың қабілетін ашуға, олардың жұлдызын жарқыратып, адамдарға қуаныш сыйлауға бағытталған бастамаларды әрқашан қуана-қуана қолдауға дайынбыз», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Салтанатты бөлімнің ең басты сәті — гала-концерт болды. Финалға шыққан жас өнерпаздар өздерінің вокалдық нөмірлерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар «Соло» және «Дуэт» номинациялары бойынша, сондай ақ жас ерекшелігіне қарай орта және жоғары санаттар бойынша анықталды. Марапаттарды ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жобаның серіктестері және «El Umiti» корпоративтік қорының өкілдері салтанатты түрде табыс етті.

Барлық қатысушыларға сый сияпаттар таратылды, ал Гран При жеңімпаздары Дубайға сапар жолдамасына ие болды:

Гран При:

Өскенбаев Ерасыл — Түркістан облысы

Дерксон Никита, Криулько Злата — Қостанай облысы

Шолленбергер Руслан — Ұлытау облысы

«Мен әрқашан дәл осындай байқау өткізуді армандадым. Балалар үйінің түлегі ретінде әр баланың өзіне сенуі, талантын ашуы және арманға жетуге деген сенімділігі қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Бұл жоба — жай ғана сайыс емес, жас таланаттарды шабыттандыру, оларға өз дауысының бағалы екенін сезіндіру мүмкіндігі», — дейді жобаның бастамашысы Алексей Лодочников.

Келесі жылы «Жұлдыз болғым келеді» жобасына «Хореография» бағыты қосылады деп жоспарлануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button