Елорда тынысы

Балалар қауіпсіздігі басты орында

Елорда полициясы кәмелетке толмағандардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алу бағытында кешенді жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, мектептерде кездесулер ұйымдастырылады, оқушылар мен педагогтерге профилактикалық әңгімелер өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елорда жолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Оқу орындарының маңында сабақтың басталуы мен аяқталуы кезінде патрульдеу күшейтілді, жылдамдық режимін сақтау мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерінің орындалуына ерекше назар аударылуда.

Жыл басынан бері елордада кәмелетке толмағандардың қатысуымен шамамен 30 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Полиция жүргізушілерге, әсіресе мектептер мен балалар мекемелерінің маңында аса мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, жаяу жүргіншілерге жол беруді, сондай-ақ балаларды арнайы ұстап тұратын құрылғыларды міндетті түрде пайдалана отырып тасымалдау ережелерін орындауды ескертеді.

Ата-аналарға балаларға жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі еске салу ұсынылады:
• жолды тек белгіленген жерлерден және бағдаршамның рұқсат беретін белгісінде, көліктің толық тоқтағанына көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өту;
• жолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефонды пайдаланбау;
• қоғамдық көлікке міну және түсу барысында сақ болу;
• қараңғы уақытта киімге жарық шағылыстыратын элементтерді тағу.

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – ересектердің ортақ жауапкершілігі. Тек бірлескен күш-жігер арқылы жас жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button