Ел тынысы

Балалар лагерлерінде қауіпсіз жаз

Еліміздің жазғы балалар лагерлерінде «Қауіпсіз жаз-2025» профилактикалық акциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Акцияның мақсаты жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайлардың, сондай-ақ балалардың өлімі мен жарақаттануың алдын алу.

Акция аясында ТЖМ аумақтық органдары басқа мүдделі ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп 500 ден астам профилактикалық шараларын өткізді:

– өрт қауіпсіздігі, суда, орманда жүріс-тұрыс ережелері бойынша интерактивті сабақтар мен шебер сыныптар;

– өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың көрме қойылымдары, өрт сөндіру-құтқару бөлімшелеріне экскурсиялар;

– төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау және іс-қимыл бойынша практикалық жаттығулар;

– алған білімдерін бекітуге бағытталған конкурстар, викториналар мен квесттер.

Өрттен қорғау жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеруге, лагерь қызметкерлерін ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдарға оқытуға ерекше назар аударылды.

Практикалық көмек көрсету тәртібімен лагерь қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау және өрт болған жағдайда әрекет ету бойынша 200-ден астам нұсқамалар мен әңгімелер, қауіпсіз эвакуациялау жаттығулары өткізілді.

Білім беру объектілері басшыларының қатысуымен жазғы каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігі мәдениеті бойынша дөңгелек үстелдер мен кеңестер өткізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button