Ел тынысыСаясат

Балалар ауруханасында конституциялық реформалар түсіндірілді

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында жаңа Конституция мен жүргізіліп жатқан реформаларды талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жиынға VII шақырылған елордалық мәслихат депутаты Владислав Сергеев, қоғам қайраткері, AMANAT партиясының белсендісі, көрнекті қайраткер Фарида Даримова, Астана қаласы «AMANAT» партиясы Алматы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Ақтайлақова, Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасының директоры Ербол Сәрсенбаев қатысып, биліктің қоғамға әділеттілік, ашықтық және есеп беру принциптерін нығайтуға бағытталған негізгі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу барысында азаматтардың шешім қабылдаудағы рөлін кеңейту, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері қозғалды. Өңірлік деңгейдегі реформаларды іске асырудағы мәслихаттардың рөліне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға және конституциялық өзгерістер азаматтардың күнделікті өміріне және ұйымдардың қызметіне қалай әсер ететінін талқылауға мүмкіндік алды.
Мұндай диалогтар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button