Денсаулық

Бала жүрегі – өнер әлемі

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күнінде елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Бала жүрегі – өнер әлемі» тақырыбында шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара балалардың шығармашылығын дамытып қана қоймай, олардың өзін еркін сезінуіне, қоғаммен байланыс орнатуына ықпал етуге бағытталды. Бүгінде Оқушылар сарайында 150-ге жуық ерекше бала түрлі үйірмелерге қатысып келеді.

«Баланың дамуына ешқандай шектеу қоймаймыз. Сондықтан бұл бағыттағы іс-шаралар жиі өткізіледі. Ал осы шеберлік сағатында балалар ата-аналарымен бірге фетр матасынан түрлі бұйымдарды әзірледі, оған білікті педагогтер жетекшілік етті» деді өз сөзінде Оқушылар сарайының әдіскері Гүлсара Оспанова.

Шеберлік сағаты қоғамда аутизм туралы түсінікті кеңейтіп, ерекше балаларға деген жанашырлық пен қолдауды арттыруды мақсат етті. Әрі сол арқылы баланың ұсақ моторикасын жетілдіріп, ата-анамен қарым-қатынасты нығайтуға септік етті. Мұны жиынға қатысқан тұрғын Анар Дінмұхамедова да растады.

– Мұндай кездесулерге алты жасар қызыммен тұрақты түрде қатысамыз. Қызымның ортаға сіңісіп, өзін еркін ұстауына, бойында жаңа қабілеттерді ашуға жақсы септігін тигізуде. Негізінде осындай кездесулердің жиі өткені қажет дер едім, – деді ата-ана.

Индира Бержанова

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button