«Бала Толағай» чемпионатында бақ сынады

Астанадағы Қ. Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп — гимназиясында «Бала Толағай» ұлттық күштік ойындарының қалалық ашық чемпионаты өтті. |Іс-шара аясында ұлттық спортты дамытуға арналған «Бала Толағай» залы ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған чемпионатқа қалалық білім беру ұйымдарынан 7 мектеп қатысты:
№21 орта мектебі, Барлыбек Сырттанұлы атындағы №34 орта мектеп,
А. Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицейі,
Қ. Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп — гимназия,
Райымбек Батыр атындағы №50 мектеп-лицейі,
Қ. Сәтпаев атындағы №61 мектеп-лицейі және №68 мектеп.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың күш-жігерін, төзімділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұлттық спортты ұлықтаған мазмұнды да мәнді жиын жоғары деңгейде өтті.



