Қоғам

Байқоңыр ауданында заманауи гүлзар ашылды

Астананың Байқоңыр ауданындағы Ахмет Жұбанов көшесінде жаңа гүлзардың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ашу рәсімі мерекелік іс-шарамен өтті. Қала тұрғындарына шығармашылық ұжымдар мен белсенділердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бұған дейін гүлзардың орнында бос жатқан аумақ болған. Енді бұл жерде жасыл желекпен көмкерілген, жаяу жүргіншілер жолдары мен автотұрағы бар заманауи демалыс аймағы орналасқан. Сквердің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрден асады.

Көріктендіру жұмысы аясында 3 мың шаршы метрден астам асфальт, 4 мың шаршы метрден астам брусчатка төселіп, көше шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Автокөлік жүргізушілері үшін 170 орындық автотұрақ салынды. Қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді – №5 мектепке енді толыққанды әрі ыңғайлы кіреберіс жасалды.

«Біз маңызды инфрақұрылымдық мәселені шештік – білім беру мекемесіне қолжетімділікті қауіпсіз әрі жайлы еттік», – деп атап өтті Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Сквер аумағына шамамен 10 мыңнан астам жасыл көшет отырғызылып, 6 мың шаршы метрге жуық аумақты қамтитын суару жүйесі орнатылды.

«Ашылу рәсімінің куәсі болдым. Бұрын бос жатқан жердің орнына қазір күтімі жақсы, жайлы демалыс орнының пайда болғаны қуантады», – деді қала тұрғыны Марсель Өтегенов.

Еске сала кетейік, биыл Астанада 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік (парктер, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылады. Жұмыс қаланың барлық аудандарын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Кейбірі қазірдің өзінде аяқталған.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button