Қала мен сала
Байқоңыр ауданында күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды

Елордалық Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бүгін Ж.Тәшенев көшесінің бойындағы гүлзарда ағаш отырғызу бойынша ауқымды шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 100 түп ірі қарағай мен 30 түп қайың отырғызылды.
Акцияға 100-ге жуық адам қатысып, елорданың экологиясына өз үлестерін қосты.
Олардың қатарында Ұлттық ұланның сарбаздары, аудан тұрғындары және аппарат қызметкерлері болды.
Шараның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желектер санын арттыру және тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру.
Аталған күзгі көгалдандыру жұмыстары маусым соңына дейін белсенді жалғасатын болады.