Қоғам

Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған аулалар пайдалануға берілді

Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған үш аула салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аулаларды абаттандыру жұмысы аясында балаларға арналған ойын алаңдары жаңартылып, workout-құрылғылары орнатылды, сондай-ақ демалыс аймақтары жасақталып, жарықтандыру жүргізілді.

Жоба тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тұрғындардың ортақ ұсынысы аясында жүзеге асырылды.

Ашылу салтанатында аула мерекесі өтіп, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Тұрғындар алғыс ретінде аулаға кең дастархан жайды.

Абаттандыру жұмысы ауданның басқа да аумақтарында белсенді жүріп жатыр. Биыл барлығы 88 аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Оның 18-і кешенді абаттандырылса, 70-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button