Ел тынысы

Бағаналы еліміздің басты заңы

“AMANAT” партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелері Конституцияның жаңа мәтінін талқыладық. Партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов  жаңадан жазылған Ата заңымыздың маңыздылығына тоқталып депутаттарды ойды ортаға салып ашық талқылауға шақырды.

Конституциялық реформаның жаңа сипаты,  мазмұнды тұжырымдары бүгіннің ғана емес ертеңіміздің де байыпты бағдары, адам құқықтарына мән берілген бағаналы елдің —басты заңы!

Жаңа конституция — білім мен ғылымды, иновацияны ата заң деңгейінде қорғау имунитетіне ие болып отыр.

Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығының сақталуына зер салынған.

Адам — мемлекет үшін деген ұстаным мен  Мемлекет — адам үшін деген ұстаным әділетті тепетеңдігін сақтауына мән берілген.

Ата заңның 84%-ы жаңарды.

Бұл — Қазақстанда ауқымды конституциялық реформа жүргізіліп жатқанының айқын дәлелі. Жиынтық жоба бойынша Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізілді, бұл — Ата заң мәтінінің 84%-ын қамтиды.

Жобада Преамбула, 11 бөлім, 104 бап бар. Екі жаңа бөлім қосылды, бірнеше бөлімнің атауы өзгерді.

Негізгі өзгерістер:

– жаңа бір палаталы Парламент моделі

– азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы кеңейеді.

– Конституциялық соттың құқық қорғау рөлі күшейеді.

– адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері нығаяды.

Президенттік басқару формасы сақтала отырып, мемлекеттік билік жүйесі елеулі түрде жаңғырмақ.

Біз Конституцияға қарап өзімізді ғана емес, әлемге Қазақстанның қандай мемлекет болғысы келетінін де көрсетеміз. Инвестор да, халықаралық әріптестер де, түйіп айтқанда өзге жұрт, ең алдымен құқықтық тұрақтылық пен адам құқығының қорғалуына қарайды.

Сондықтан да ата заңымызды жетілдіру процесіне барша Қазақстан азаматтары мән беруі қажет.

🇰🇿Ата заң — халықты қорғауға, халық — ата заңды құрметтеуге қабілетті болуы шарт. Алдағы конституциялық референдумның маңызын еліміздің әр саналы азаматы маңызын түсінуі, белсенді қатысуы маңызды, жетілдіру процесіне барша Қазақстан азаматтары мән беруі қажет.

Ата заң — халықты қорғауға, халық — ата заңды құрметтеуге қабілетті болуы шарт. Алдағы конституциялық референдумға еліміздің әр саналы азаматы мән беруі, белсенді қатысуы маңызды.

Аманжол ӘЛТАЕВ, 

Мәжіліс депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button