Әлеумет

Бәйге түрлерінен турнир өтіп жатыр

Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында жүлде қоры 120 млн теңгені құрайтын бәйге түрлерінен республикалық турнир ресми түрде ашылды, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Айтулы жарысқа еліміздің 20 өңірінен 100-ге жуық үкілі жүйрік келді.

Жарысты тамашалауға ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов арнайы келді.

«Санаулы күннен кейін әлемдік деңгейдегі «Ұлы Дала жорығы» бәсекесі өткелі жатыр. Біз де айтулы шарадан тыс қалмай, Астана төрінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Astana Cup бәйгесін ұйымдастырғалы отырмыз. Бүгінгі шарамен ат маусымын басталғалы жатырмыз. Ат жарысына еліміздің барлық өңірінен жиналды. Баршаңызға сәттілік», – деп ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев өз тілегін арнады.

Енді санаулы сәттен кейін ұшқырлар бәйгесінен 1200, 1600, 1800, 2000 метр және топ бәйге, аламан бәйгеде жеңімпаздар анықталады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 120 000 000 теңгені құрайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button