Елорда тынысы

«Бабадан қалған бағзы тіл»

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Астана қаласы мемлекеттік архиві мен Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Бабадан қалған бағзы тіл» атты рухани-әдеби кеш өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара қонағы  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұхарбек Жәкейұлы болды.
«Бабаларымыз өз заманында тіл туралы біраз дүниенің басын ашып айтып кетті. Бүгініг күні де баба тілі өз құндылығын арттырмаса кеміген жоқ. Тіл дегеніміз ұлттың — жаны, жүрегі, тағдыры. Сондықтан ана тіліміздің ғұмыры мәңгі жасай береді» деді кеш қонағы.
Астана қаласы мемлекеттік архиві, Ғылыми-зерттеу және ақпараттық түсіндіру жұмысының басшысы Ғазиза Тұрмағанбетқызы Мұхарбек Жәкейұлына мекеме атынан Алғыс хат табыс етті. Кездесу барысында тағылымды әңгіме айтып, жырдан шашу шашқан ақынға оқырман қауым ризашылығын білдіріп тарқасты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button