Қоғам

Азия ойындарын қолдау мақсатында жүгіру іс-шарасы өтті

Астанадағы Орталық саябақта Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарын қолдау мақсатында Fun Run жүгіру іс-шарасы өтті, деп жазды astana-akshamy.kz.

Іс-шараны Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК), Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті (AINAGOC), Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Fun Run жүгірісі Азиада-2026 ұйымдастыру комитетінің промо-науқанына кіреді және «Біртұтас Азияны елестет» ұранымен өткізіледі.

Іс-шараға Азиада-2026 ұйымдастыру комитетінің бас директоры міндетін атқарушы Ясухиро Накамори, Азия Олимпиадалық кеңесінің ұлттық олимпиадалық комитеттермен байланыс және даму бағдарламалары жөніндегі директоры Виссам Тркмани, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас директоры Нұрлан Нөгербек және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова қатысты.

– 2-3 қыркүйек күндері елордада Olympic Solidarity бағдарламасы аясында Азия Олимпиадалық кеңесінің VI Құрлықтық спортшылар форумы өтіп жатыр. Форумда Азияның 42 ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері бас қосты. Сол іс-шараның аясында Fun Run символдық жүгірісі ұйымдастырылып жатыр. Барлық жиналған қатысушыларға керемет эмоция алуларыңызға тілектеспін, — деді Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев.

1 шақырымдай қашықтықтағы жүгіріске барлық жас санатындағы 100-ден астам әуесқой спортшылар қатысты. Жүгірістің соңында қатысушылар арнайы естелік медаль және сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығына жоспарланған Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енген. Жалпы 68 бағдарлама бойынша 460 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Жүлденің 217-сі ерлер, 204-і әйелдер, 39-ы аралас санаттарда үлестіріледі.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button