Ел тынысы
Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды

Қытайда жабық ғимаратта өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында астаналық спортшылар бірнеше медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан ұлттық құрамасы 3:38.02 уақыт көрсетіп, Қытай командасын артта қалдырып, алтын медаль жеңіп алды. Осы жарыста ел намысын Астана спортшысы Кристина Кондрашова қорғады.
Ал ерлер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада қазақстандық төрттік қола жүлдегер атанды. Құрама сапында елордалық Мәди Төкенов болды. Команда 3:12.23 нәтижемен үшінші орынға тұрақтады. Бұл сайыста барлығы алты команда бақ сынады.
Айта кетейік, құрлықтық біріншілікке Азияның 35 елінен 400-ге жуық спортшы қатысты.


