Ел тынысы

Азаматтық сектор мен қоғамдық ұйымдардың рөлі айтарлықтай өсті- Назгүл Мақжан

Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан барша елордалықтарды Жаңа жылмен құттықтай келе  былтыр комиссия Астанада ауқымды декларацияларға емес, отбасылар мен осал топтарға тиімді әсер ететін тәжірибелік өзгерістерге баса назар аударғанын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Біріншіден, ведомствоаралық үйлестіру жұмыстары күшейе түсті. Ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдаудан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға дейінгі көптеген мәселелер бір ведомство шеңберінде емес, бірден бірнеше мемлекеттік органдардың қатысуымен кешенді түрде қарала бастады. Екіншіден, нақты жағдайға бірден жауап берудің жылдам механизмдері пайда болды. Комиссия отбасылардың қиын өмірлік жағдайлары құрылымдар арасында «тұрып қалмайтын«, бірақ қолдауға ие боалып, шешімдер шығарылатын алаңға айналды. Үшіншіден, азаматтық сектор мен қоғамдық ұйымдардың рөлі айтарлықтай өсті. Олардың ұсыныстары мен практикалық тәжірибелері ұсыныстар мен бастамаларды әзірлеу кезінде ескеріле бастады, ал диалог ашық әрі адал бола бастады, -дейді Н. Мақжан.

Комиссия төрағасының орынбасары ата-ана жауапкершілігін айта келе, өткен жылы елордада әкенің отбасындағы рөлі, отбасылық жанжалдардың алдын алу және салауатты тәрбие үлгілерін қалыптастыру мәселелері белсенді түрде көтеріле бастағанын алға тартты.

-Бір реттік акциялардан жүйелік шешімдерге баса назар аудару маңызды өзгеріс болды, яғни  отбасылық әл-ауқат, әйелдердің қауіпсіздігі немесе балалардың құқықтарын қорғау бойынша мәселенің салдары емес, оның алдын-алуға көбірек назар салынды. Бұл өзгерістер әрдайым сырттай байқалмауы мүмкін, бірақ олар қаланың әлеуметтік саясатында ұзақ мерзімді тұрақтылық пен сенімділікті қалыптастырады, — дейді спикер.

Комиссия төрағасының орынбасары келіп жеткен Жаңа жылмен барша елордалықтарды, әйелдер қауымын құттықтай келе, жоғарыда аталған жұмыстар биыл Жылқы жылында да жалғасын табатынын жеткізді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button