«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қалалық филиалының өкілдері Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға «Еуразиялық медициналық қауымдастық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Надежда Петухова, сондай-ақ коалиция өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен тұжырымдамалық ережелері жан-жақты айтылды. Әсіресе әділеттілік қағидаттарын нығайту, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар тың бастамаларға қатысты пікірлерін білдіріп, нақты сұрақтарға жауап алды.
Бұл шаралар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер туралы халықты кеңінен хабардар етуге және ашық диалог қалыптастыруға бағытталған.



