Ауа райы: -30 градус аяз, тұман мен көктайғақ

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16, 17 және 18 қаңтарға арналған Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Елордада -30 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматыда қар, тұман және көктайғақ сақталады.
Астанадағы ауа райы болжамы
16 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -28…-30°C, күндіз -21…-23°C.
17 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -30…-32°C, күндіз -21…-23°C.
18 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -28…-30°C, күндіз -18…-20°C.
Алматыдағы ауа райы болжамы
16 қаңтар
Бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.
17 қаңтар
Бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -10…-12°C.
18 қаңтар
Бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -8…-10°C.


