Ел тынысы

Автогаз бағасы өсті

1 тамыздан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының (автогаздың) шекті бағасы өзгерді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана мен Алматыда автогаздың бағасы литрі үшін 112 теңгеге жетті (бұрын 102 теңге);

Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында автогаз 85 теңге тұрады (бұрын 77 теңге);

Шымкент қаласында, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 112 теңге (бұрын 102 теңге);

Маңғыстау облысы үшін ең төмен баға белгіленген – 72 теңге (бұрын 65 теңге);

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында 102 теңге (бұрын 90 теңге) болып бекітілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button