Ел тынысыСаясат

Ата Заңға – нақты қадам

Елордалық көлік саласының мамандары мен қоғам белсенділері жаңа Конституция жобасының мән-мағынасын және оның ел болашағына тигізер әсерін жан-жақты жеткізді.

Жүздесу «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық филиалының өкілдері City Transportation Systems (CTS) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында өтті.

Іс-шараға арнайы қатысқан коалиция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Мәдина Әжікенова өз сөзінде бұл реформаның басты бағыты адам құқығын қорғау тетіктерін түбегейлі күшейту екеніне тоқталып, жаңа Ата Заң жобасы әрбір азаматтың мемлекет ісіне араласуына жол ашатын, әділеттілік қағидатын ту ететін құжат болатынын айтты. Оның пікірінше, бұл өзгерістер тек қағаз жүзіндегі емес, халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін нақты қадамдар болмақ. Осы ойды жалғаған жалпыұлттық коалиция мүшесі Омархан Бірімжан мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыру мен билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтудың маңызына тоқталды. Ол өз баяндамасында жаңа Конституция аясында билік тармақтарының жауапкершілігі артып, шешім қабылдау үдерісінде ашықтық пен жариялылық басты орынға шығатынын, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықпен күресте және мемлекеттік ­аппараттың тиімділігін арттыруда шешуші рөл атқаратынын айтты. Соны­мен қатар Әбдіғани Бәзілханұлы әлеуметтік әділдік мәселесіне басымдық беріп, жаңа жобадағы еңбек адамының мәртебесі мен әлеуметтік кепілдіктер туралы кеңінен тарқатты. Ол CTS ұжымы сияқты қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отырған жұмысшылардың құқығы мен олардың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің басты назарында қала беретінін, ал конституциялық реформалар осы тұрақтылықтың берік іргетасы болатынын нақтылады. Көлік саласының қызметкерлерімен ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Жиын соңында қатысушылар осындай тарихи сәттің маңызына тоқталып, прогрессивті қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ мақсатқа жұмылатынын білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button