Референдумда дауыс бергендердің қатарында Астана қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, ақын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы да бар. Ол сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Серікзат Дүйсенғазының айтуынша, жаңа Конституцияның басты құндылығы – адам және оның құқықтары.
«Жаңа Конституцияның негізінде ең алдымен адам және оның құқықтары тұр. Заң мен тәртіп салтанат құрған елде әр азаматтың құқығы қорғалып, қоғам тұрақты дамиды. Сондықтан бүгінгі референдум – елдің болашағы үшін маңызды қадам», – деді ол.
Оның пікірінше, Ата заңдағы өзгерістер елдегі құқықтық мемлекет қағидаларын нығайтып, қоғамның одан әрі дамуына жол ашады. Сондықтан мұндай маңызды саяси науқанға әрбір азамат бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы тиіс.



