Мәдениет

Асыл аналарға арналды

Бас қалада Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана қолы – мейі­рім мен махаббаттың символы» атты іс-шара өтті. Seed Uniker мектебінде өткен жиын Отбасы күніне орайлас­тырылды.

Аналардың патриотизмді, ұлттық рухты қалыптастырудағы және отбасы құндылықтарын сақтаудағы маңызы зор. Осы бағытта елордалық аналар кеңесі гендерлік теңдікті сақтау, әйелдердің құқығын қорғау, отбасы институтын дамыту секілді басымдықтар шеңберінде өз қызметін белсенді жүргізіп жатыр. Бұл туралы жиын барысында Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, елорда әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Назгүл Мақжан атап өтті.

– Анаға деген құрмет атаулы күндерде ғана емес, күнделікті тұрмыста да еселене түсуі керек. Әрине, кей отбасыларда ата-анамен қарым-қатынас орнатуға қатысты мәселелер кездеседі. Мұның жалғыз ғана шешімі – отбасындағы мейірімді арттыру, тәрбиеге баса мән беру. Ұлтымыздың демографиялық ахуалын жақсартудағы үлесі орасан алтын құрсақты аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Сондықтан қоғамда анасын сыйлай білетін жас ұрпақ қатары артса дейміз, – деді Н.Мақжан.

Іс-шара кезінде мектептің дарынды оқушылары мен астаналық аналар кеңесінің мүшелері мерекелік концерт өткізіп, өз өнерін ортаға салды. Оқушылардың аналарымен бірге салған суреттердің көрмесі де көпшілікке ұсынылды.

Индира БЕРЖАНОВА

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button