Ел тынысы
Астық пен жүгеріден рекордтық өнім алынды

Өңір диқандары биыл 346,2 мың тонна астық жинады. Орташа өнімділік гектарына 26,9 центнерді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары болды. Әсіресе жүгеріден алынған өнім көлемі артып, биылғы көрсеткіш 338 мың тоннадан асты. Бұл — облыс үшін жаңа рекорд, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мұндай нәтижеге инновациялық егіншілік тәсілдерін енгізу, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану және алқаптарды цифрлық бақылаудың арқасында қол жеткізілді. Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында жүгерінің өнімділігі гектарына 80 центнерден асты.
«Жоғары өнім — жаңа тұқым түрлерін, заманауи агротехнологияларды және дәлме-дәл егіншілік әдістерін қолданудың нәтижесі», — деді Ғалым Тоқпейісов.