Ел тынысы

Астананың урбанистикалық тәжірибесі Маңғыстауда талқыланды

Маңғыстау облысында Астана қаласының урбанистика саласындағы озық тәжірибесін өңірлерге енгізу мәселесіне арналған семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Семинар жұмысына Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, сондай-ақ өңір әкімдігінің өкілдері, сала мамандары мен сарапшылар қатысты.

Алғы сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов урбанистиканы дамытудың өзекті бағыттарына тоқталып өтті. Оның айтуынша, бүгінгі күні қалаларды кешенді түрде дамыту — бұл тек абаттандыру емес, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер мен технологияларды енгізу міндеті.

Семинар шілде айында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен республикалық кеңестің жалғасы ретінде ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында урбанистика саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісіп, аймақтарда оларды тиімді енгізудің нақты тетіктері талқыланды.

– Бүгінгі басқосу — Маңғыстау өңірі үшін маңызды. Біз қалалық инфрақұрылымды тиімді басқару мен заман талабына сай стандарттар бойынша дамыту үшін Астананың тәжірибесін зерттеп, оны өңірлік ерекшеліктерге бейімдеп қолдануымыз қажет. Бұл нақты нәтижеге бағытталған қадам, – деді Ербол Ізбергенов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button