Қоғам

Астананың өндірістік әлеуеті қалай арттырылуда?

Астанада өндірістік базаны кеңейтуге, жұмыспен қамтуды арттыруға және заманауи индустриялық инфрақұрылым құруға бағытталған өнеркәсіп секторының тұрақты дамуы жалғасуда. 2023 жылдан 2025 жылға дейін қала әкімдігі мен Астана даму орталығының қолдауымен осы салада бірқатар инвестициялық жоба іске асырылды.Осы уақыт аралығында тамақ өнеркәсібі, машина жасау және сервис саласында жаңа нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жаңа өндірістік алаңдардың жалпы аумағы 5,1 гектарды құрады, 450-ден астам жұмыс орны ашылды, ал инвестициялар көлемі шамамен 5 миллиард теңгеге жетті. Жаңа кәсіпорындардың өндірістік қуаты жылына 5 000 тоннаға дейін тамақ өнімін өндіруге, күнделікті 25 тоннаға дейін нан-тоқаш өнімдерін шығаруға, жылына 50 техникалық кузовқа дейін қызмет көрсетуге және 350 бірлікке дейін машина жасау техникасын жинауға мүмкіндік береді.

Кеңес беруден бастап, жер телімін таңдауға және нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезең «бір терезе» қағидаты бойынша Астана даму орталығының сүйемелдеуімен өтті.

Мұндай тәсіл инвесторларға мемлекеттік құрылымдармен тиімді жұмыс істеуге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және жобаларды жүзеге асыру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Алдағы бес жылда елордада қосымша 25 жаңа өнеркәсіп нысанын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл – инвесторлардың жоғары қызығушылығын және елорданың индустриялық өсім мен экономикалық даму нүктесі ретіндегі тартымдылығын айғақтайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button