Мәдениет
Астананың көркем көріністері

Бас қаланың Есіл өзені жағалауында «Астананың пейзаждары» атты жылжымалы көрме өтті.
Көрмеге Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Италия, Польша суретшілерінің суреттері қойылды. Жұмыстар елорданың бірегей келбеті мен атмосферасын білдіреді. Астананың тарихы мен рухани дәстүрлерін айшықтайтын, елорданың көрнекті жерлері бейнеленген картиналар ерекше қызығушылық тудырды. Жұрт А.Бектасов, М.Байбосын, Р.Елубай, Comia Ferrarro (АҚШ), Н.Блохин (Санкт-Петербург), Dorota Podiaska (Польша) және басқа да суретшілердің пейзаждарын ерекше атап өтті.