Шаһар шежіресі

Астананың алғашқы мешіті

Елордадағы Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің 1943-1944 жылдардағы екі бөлмелі шағын үйден бастау алған бай тарихы бар. Қаланың ескі орталығындағы бұл үй 50 жыл бойы мешіт және діни орталық қызметін атқарды.

1991-1996 жылдар аралығында мешіт аумағы кеңейіп, жаңадан салынды. Оның іргетасын қалаған кезде «Целиноградсельмаш» зауытының жұмысшылары мен облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамы қала тұрғындарына арналған үндеу қабылдап, елеулі жұмысты бүкіл халық боп қолға алады. Ал мешіт құрылысын қаладағы ірі құрылыс мекемесі – «Целинтрансстрой» бірлестігі жүргізді. Алғашқы күннен ғибадат орнын салуда бригадир Манур Хабибуллин, бригада шебері Әлихан Тумсеев, тас-­кірпіш қалаушы В.Меликян сияқты азаматтар көзге түсті. Сол кезеңде көптеген қиыншылыққа, құрылыс салушылар мен тапсырыс берушілер арасындағы түсініспеу­шіліктерге қарамастан, тұрғындар ел болып араласып, сенбіліктер өткі­зіп, қолғабыс көрсетіп, қаражат жинап, мешіттің ашылуын асыға күткен. Іргетасы қаланған күннен бастап салынып біткенге дейінгі құрылысқа жамағатты жұмылдыруда «Ақмола ақиқаты» газеті де өз үлесін қосқан. 2005 жылы мешітке Сәдуақас қажы Ғылмани есімі берілді. Алланың үйінде тұрақты түрде діни сабақтар, Құран оқу және шариғат курс­тары, шәкірттермен кездесу, қайырымдылық ша­ралары өтіп тұрады.

Суретте мешіт алғаш ашылған сәт бейнеленген.

Ғазиза ИСАХАН

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button