Қала мен сала

Астананы дамытудың шеберлік жоспары халықаралық атаққа ие болды

Астананың әлемдік сәулет сахнасында даңқы асқақтады. «Move Quickly, Live Slowly«, яғни «Жылдам жүр, баяу өмір сүр» деген философиялық атауы бар Астананы дамытудың шеберлік жоспары халықаралық SHARE Architecture Awards 2025 сыйлығында беделді атаққа ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана урбанистика орталығында әзірленген бұл жұмыс — кезекті қала құрылысы тұжырымдамасы ғана емес, шаһарды автомобильдер үшін емес адамдар үшін ыңғайлы экожүйеге айналдыруға бағытталған қадам. Қазақстандық урбанистер Лондон Олимпиадалық паркінің авторларымен бірлесіп 2500 гектар жерді, яғни Астанадағы Мыңжылдықтар аллеясы мен Тұран даңғылы аумағын қоса алғандағы жерді қамтитын жобамен жұмыс істеді.

Оның негізінде «көкжасыл жақтау« идеясы жатыр, яғни қалада көлдер мен арналарды қалпына келтіріп, саябақтарды тасқын су жинайтын «сорғыға« айналдыру жоспарланған. Негізгі мақсат тепе-теңдікті табу, жылдам қозғалу үшін тиімді көлік тармақтарын құру және сонымен бірге «асықпай байыппен өмір сүретін» тыныш жаяу жүргіншілер оазистерін салу.

Қазылар алқасы Астананы дамыту тұжырымдамасына Honorable Mention деп аталатын құрметті атақ берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button