Қоғам

Астаналықтарға құстарды қоректендірудің зияны туралы ескертілді

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында елорда полицейлері тұрғындарға құстарды тамақтандырудың зияны жөнінде түсіндіру жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Абылай хан даңғылы бойында өткен рейд барысында қоғамдық орынның ластану фактілері тіркеліп, оның себептерінің бірі ретінде құстарды ретсіз тамақтандыру аталған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шара барысында елордалықтармен құстарды қоректендірудің қоршаған ортаға тигізетін зияны мен салдары талқыланды. Құқық қорғау органдары тұрғындармен профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button