Елорда тынысы

Астаналық жасөспірімдер дендропаркке қатысты зерттеу нәтижелерін таныстырды

Астанадағы Орталық саябақта Нұра ауданының әкімі Ришат Турдыбековтің қатысуымен Urbanitarium Astana 2025 жобасының қорытындысы таныстырылды. Іс-шара барысында жасөспірімдер дендропарк аумағында жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Urbanitarium Astana – урбанистика мен экологияға қызығатын 13–17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған білім беру жобасы. Жоба маусым мен тамыз айлары аралығында «Дала қаласы, ағаш және адам» атты тегін білім беру бағдарламасының аясында жүзеге асырылған. Осы үш ай ішінде Астананың 350-ден астам жасөспірімі қазақстандық сарапшылардың жетекшілігімен урбанистика мен экологияның теориялық және практикалық негіздерін меңгерген.

Жоба шеңберінде Urbanitarium Astana клубының мүшелері биолог-кураторлар Алёна Кошкина мен Руслан Уразалиевтің жетекшілігімен Астана дендропаркінің аумағын зерттеген. Жас зерттеушілер парктің флорасын картаға түсіріп, фаунаны жүйелі түрде бақылап отырған және Зерттеу нәтижесінде 9 гектар аумақты қамтитын дендропарк аумағынан 200-ден астам өсімдік пен жануар түрін анықтаған.
– Астана дендропаркі – елорда орталығындағы табиғи ландшафты сақтап қалған сирек аумақтардың бірі. Ол 1962 жылы Табиғатты қорғау қоғамының бастамасымен, қаланың ең көне саябағының (130 жылдан астам тарихы бар) жалғасы ретінде құрылған. Бүгінде дендропарк – елорданың биоалуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқаратын ерекше нысан. Табиғи және мәдени құндылықтардың үйлесімі ретінде ол қаланың экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды орын алады, – деді жоба таныстырушысы Рақат Жауын.

Презентация соңында қатысушылар сарапшылар мен қонақтардан кері байланыс алып, Нұра ауданының әкімі мен шақырылған жұртшылыққа дендропарк аумағы бойынша экскурсия өткізді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button