Астаналық ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаздар мерекесіне орай елорданың Есіл ауданы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының филиалы қаладағы бес мектепке 50 ағаш отырғызуға арналған сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сертификаттарды табыстау рәсімі №103 мектепте өтті.
Мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Балаларды оқыту мен тәрбиелеу – үлкен жауапкершілік. Педагог еңбегі – қиын да қадірлі жұмыс. Әрқайсыңыз еңбегіңіздің жемісін көріңіздер.
Шәкірттеріңіз мектептің де, елдің де абыройын арттырсын», – деді Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы ұстаздарға арнаған сөзінде.
Айта кетейік, ағаш отырғызу шарасы елордада жақсы дәстүрге айналып келеді.
«Өткен жылы ауданымыздың мұғалімдері Ботаникалық баққа ағаш отырғызып, “Ұстаздар аллеясын” ашқан болатын. Ол шараны да “Таза Қазақстан” акциясы мен Ұстаздар күніне арнадық», – деді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Құралай Слямбекова.