Ел тынысы

Астаналық спортшылар Эколог күніне арналған экочелленджге қатысты

Эколог күніне орай әлеуметтік желіде кең көлемді экологиялық челлендж басталды. Бұл бастаманы Астананың спортшылары, бапкерлері және спорт ұйымдарының қызметкерлері қолдап, өздері арқылы қоршаған ортаға қамқор болудың маңызын көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Спортшылар әлеуметтік желіде #ЭкоБолашақ, #ТабиғатымБайлығым және #ТазаҚазақстан хештегтерімен жазбалар жариялап, өз оқырмандарын экологиялық акцияға қатысуға шақыруда.
Мәселен, №7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі секілді бірқатар спорт мектебінде ұжым мен спортшылар сенбілік өткізіп, спорт мекемесінің аумағын тазалады. Сонымен қатар муай-тай бөлімінің спортшылары жаттығу өткізетін «Алатау» спорт кешенінің маңайын тазартты.

Кейбір спортшылар мен бапкерлер бұрын парктер мен скверлерде қоқыс жинап, қалдықтарды сұрыптап, ағаш отырғызып, басқа да экологиялық бастамаларға қатысқан сәттерінен фото және видео материалдарын жариялады. Спорт ұйымдарының қызметкерлері бөтелкелер мен банкілерді қалай тапсырып, бонус алуға болатыны туралы видеороликтер дайындады.

«Салауатты өмір салты мен табиғатқа қамқорлық – егіз ұғым. Біз, Астананың спортшылары, елорда тұрғындарын экочелленджге қосылып, табиғатты қорғауға үлес қосуға шақырамыз.
Қатысу үшін тек қоршаған ортаға деген қамқорлықты көрсететін фото немесе видеоны жариялап, көрсетілген хештегтерді қолдану жеткілікті», – деді челлендж қатысушылары.

Бұл бастама – елорда тұрғындары мен жас буын арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button