Ел тынысы

Елордалық құтқарушылар баспаналы болды

ТЖМ басшысы елордалық құтқарушыларға пәтер мен қызметтік автокөліктердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласындағы № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов елордалық азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметкерлеріне жаңа пәтерлер мен қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстады.

Жаңа қоныс иелерінің қатарында құтқарушылар, жүргізушілер және бөлімше командирлері бар. Сонымен қатар қызметтік техника паркі жаңартылып, бұл төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ведомство басшысы жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде қызметкерлерді тұрғын үймен және заманауи техникамен қамтамасыз ету — бұл ТЖМ қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.

— Тұрғын үймен қамтамасыз етілу — ертеңгі күнге деген сенімділік, басты іске — адам өмірін құтқаруға толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй мәселелерін шешу — қауіпсіздіктің алдыңғы шебінде тұрған адамдарға жасалған қамқорлық, біздің басты басымдығымыз, — деді Шыңғыс Әрінов.

Құтқарушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету — азаматтық қорғау қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік саясатындағы басты бағыттардың бірі. Министрлік жеке құрамға лайықты қызмет жағдайын жасап, олардың ынтасын арттыруға бағытталған шараларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

Аталған бағыттағы жұмыс биыл да белсенді түрде жалғасып жатыр. Тек 2024 жылдың өзінде Астана қаласының ТЖД қызметкерлеріне 50 пәтер берілді. Бағдарлама аясында тұрғын үймен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button