Қоғам
Астаналық параспортшылар Қазақстан чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Шығыс Қазақстан облысындағы «Титан» ат спорт-сауықтыру кешенінде паралимпиадалық ат спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жарысқа Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Астанадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты.
Қатысушылар паралимпиадалық ат спортынан өнер көрсетті: «Ат спортының бастауы», «Жеке жүлде» және «Кюр» (фристайл-тест).
Чемпионат қорытындысы бойынша астаналық параспортшылар бес медаль иеленді:
• Ахмад Билял– 1 орын;
• Әділ Елубай – 1 орын;
• Әнуар Әбжанов – 2 орын;
• Арнұр Дауылбаев – 2 орын;
• Томирис Ералы – 3 орын.