Астаналық оқушының арманы

«Дарын» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Даниал Бошан «Түнгі аспан – Қазақстан» атты ерекше бастаманы қолға алды. Оның мақсаты – мектеп ауласында еліміздегі алғашқы толыққанды астрономиялық обсерваторияны салу, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Даниал бұл жобаны жай ғана идея емес, мыңдаған қазақстандық бала үшін жұлдыздарға жақындаудың мүмкіндігі ретінде ұсынады. Заманауи телескоппен жабдықталған автоматты күмбез, цифрлық бейнекамера мен YouTube арна арқылы еліміздің кез келген мектебіндегі бала түнгі аспанды тікелей бақылай алады. Жоба аясында шалғай ауылдағы оқушы да астрономия әлемімен етене таныса алады.
«Біз әр баланың жұлдыздарды тек кітаптан емес, көзімен көріп, армандай алатындай жағдай жасағымыз келеді. Бұл – арманды тірілтетін жоба», – дейді Даниал.
Идея болашақта тек Астанамен шектелмей, басқа аймақтарда да жалғасын табуы мүмкін. жоспарланып отыр.
Бұл – бір ғана оқушының арманы емес. Бұл – ел болашағының ғылыммен тығыз байланысын көрсететін нақты қадам.